Сочи - 2014. Шорт-трек. Қазақстан құрамасы финалға шықты
![Сочи - 2014. Шорт-трек. Қазақстан құрамасы финалға шықты](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1392307646_617842776.jpg?v=28702231)
Қазақстандық шорт-трекшілер эстафеталық жарыста финалға өтті.
Сочи Олимпиадасында 5000 метрлік қашықтықтағы шорт-тректен эстафеталық жарыста қазақстандық спортшылар финалға өтті. Ел намысын бұл жарыста Абзал Ажғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев және Денис Никиша қорғады.
Жартылай финалда біздің жігіттер 6 минут 47,152 секунд уақыт көрсетіп, өз тобында екінші орын алды. Олар АҚШ және Оңтүстік Корея спортшыларын артқа тастап, Голландия құрамасымен бірге «А» финалына жолдама алды.
Финалдық кезең 21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні Астана уақытымен 00:20-да өтеді. Қазақстандық спортшылардың ақтық бәсекедегі қарсыластары – Голландия, Ресей, және Қытай.