ММА

Хабибтің жаңа суреті желіні шулатты

news-banner7
mobile-news-top

Дағыстандық спортшы Хабиб Нурмагомедов өзіне тағайындалған жаза мен көлемді айыппұлға қатысты пікір білдірді.

Невада штатының Атлетикалық комиссиясы дағыстандық спортшы Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық қарсыласы Конор Макгрегор арасындағы кездесуден кейін болған жаппай төбелеске қатысты шешімін шығарған болатын.

Онда Нурмагомедовтің тоғыз айға спорттан шеттетілгені, сондай-ақ, 500 мың доллар көлемінде айыппұл өтейтіндігі жазылған.

Осы шешімнен кейін дағыстандық спортшы Instagram желісіндегі парақшасында көзін жұмып жатқан суретін жүктеген.

Бәрі біткен кезде, мені оятыңыздар, - деп жазба қалдырған Нурмагомедов.

Айта кетейік, спортшы Twitter желісіндегі парақшасында жазалау туралы шешім саясатпен тікелей байланысты екенін жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер