Денис Тен: «Маған қолдау көрсетіп сенім артыңыздар»
![Денис Тен: «Маған қолдау көрсетіп сенім артыңыздар»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1392285107_865671030.jpg?v=28702236)
Қазақстандық конькимен сырғанаушы Денис Тен қобалжып тұрғанын айтты.
«Біраз қобалжып тұрмын. Дегенмен, жерлестерім мен отбасымның қолдауын сеземін. Менің ең басты қарсыласым – өзім ғана. Қай спорттың түрі бойынша өнер көрсетсең де, ең бастысы ішкі жан-дүниеңдегі кереғарлықты жеңе білу керек. Сонда ғана биік шыңдарды бағындырасың. Бүгін жанкүйерлердің қолдауымен бар күшімді салып жоғары нәтиже көрсетуге тырысамын. Маған қолдау көрсетіп сенім артыңыздар!», - деді Тен «Хабар» сайтына берген сұхбатында.