русский язык

Бахтияр Артаев: «Саясатты қуып жүр» деген алыпқашпа әңгімелер, өтірік»

Бахтияр Артаев: «Саясатты қуып жүр» деген алыпқашпа әңгімелер, өтірік»
«Астана» Президентік кәсіпқой спорт клубының директоры, 2004-жылғы бокстан Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев саясатқа араласпайтынын айтты.
 
«Ел аузынан өзім туралы түрлі сыбыстар естідім. «Саясатқа бет бұрды», «Әкімшіліктен жылы орын іздеп жүр яки спорт министрі болғысы келеді» дейтіндер көп мен жайлы. Мұның бәрін жоққа шығарамын. Себебі басты мақсатым спортшыларды тәрбиелеп, оларды үлкен жетістіктерге жетуіне үлес қосу. Спорттағы өмірімді жалғастырамын. «Саясатты қуып жүр» деген алыпқашпа әңгімелер, өтірік. Мен қарапайым адаммын, тек халқыма жақын болғым келеді», - деді Артаев Bnews.kz сайтына.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;