Қысқы

Қазақстан Ресейден ойсырай ұтылды

news-banner7
mobile-news-top

Швецияның Венерсборг қаласында допты хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті ойынын ресейліктермен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес Одағы құрамасының жеңістерін қоса есептегенде, бұған дейін 25 мәрте әлем чемпионы атанған ресейліктер осы ойынның фавориті екені айдай анық еді. Бұрынғыдай ресейлік легионерлерге иек артпай, негізінен «Ақжайық» хоккейшілерінен құралған қазақстандықтардың биыл жүлделі орындар үшін таласа алмайтыны белгілі-тұғын. Ресейліктер бірінші таймның өзінде есепті 9:1-ге жеткізді. Екінші таймда қарқынын еселей түскен ресейліктер 22:1 есебімен жеңіске жетті.

Енді Қазақстан құрамасы 30 қаңтарда айдын иелері, әлемнің 12 дүркін жеңімпазы Швециямен кездеседі. Содан кейін плей-офф бәсекелері басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер