русский язык

Евгений Лаленков: «Қазақстандық спортшыларға жанкүйер болам»

Евгений Лаленков: «Қазақстандық спортшыларға жанкүйер болам»
Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарынан тыс қалған атақты ресейлік спортшы Евгений Лаленков көршілес Қазақстан құрамасына жанкүйер болатындығын айтты.
 
Қазіргі таңда, Лаленков бұрынғы атақты конькишілермен бірге коментатор болып жұмыс істеп жүр, дейді «Р-Спорт».
 
- Мың метрлік сайыста кім фаворит?
 
- Шани Дэвис, Мишель Мюлдер, Денис Кузин, Штефан Гротхайс және Брайан Хансен мен Мо Тхэ Бом. Куна Вервеяны да қосуға болады. 
 
- Марк Тёйтерт ше? 
 
- Ол менің жақсы досым, дегенменде, бұл жолы ол ұта алмайды. Алайда, қазір жақсы өнер көрсетуде. 
 
- Ресейліктерден басқа кімге жанкүйерсіз?
 
- Қазақстандықтарға жанкүйер болам. Мен оларды жақсы таныймын, бірге жаттыққанбыз. Олардың бас бапкері Вадим Саютинмен кезінде жұмыс істегем.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;