Қысқы

Қазақстанда үшінші қысқы жастар ойыны басталды

Қазақстанда үшінші қысқы жастар ойыны басталды
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылдың 25 қаңтары мен 22 наурызы аралығында Қазақстанда қысқы спорт түрлерінен үшінші қысқы Жастар ойындары өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың ашылу салтанаты 25 қаңтар күні Шымкенттегі Мұз сарайында өтті. Ойынның жабылу салтанаты 22 наурыз Щучинскіде ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Үшінші қысқы Жастар ойынынында спорттың 16 түрінен жарыстар өтпек. Қазақстандағы жастар ойыны 4 жылда бір рет өткізілетін ірі жарыс.

Биылғы ойынды шорт-трекшілер бастамақ. Шорт-трек бәсекесіне 41 қыз бала мен 51 ер бала қатыспақ. Жалпы есебі 11 команданың өкілдері бақ сынайды.

Жастар ойынына алғаш рет Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының командалары қатыспақшы.

Қысқы жастар ойындарының басты мақсаты – елімізде қысқы спорт түрлерін дамытып, 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада қарсаңында талантты спортшылардың көзін ашу.

Екінші жастар ойынының жеңімпазы Шығыс Қазақстан облысы екенін естеріңізге саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер