Футзал

Қазақстан Еуропа чемпионатын өткізуден үмітті

news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуден үмітті елдердің қатарында Қазақстан да бар, деп жазады prosports.kz.

UEFA-ның ресми сайтындағы ақпаратқа сенсек, EURO-2022 турнирін өткізуге жеті ассоциация қызығушылық танытып отырған көрінеді. Олар: Босния мен Герцеговина, Қазақстан, Литва, Нидерланды, Португалия, Франция және Швеция

Еуроны қабылдағысы келген ел нақты өтiніштің түпнұсқасын 2019 жылдың 30 мамырынан кешiктiрiлмей UEFA-ға жiберi тиiс.

UEFA атқарушы комитеті 2019 жылдың 24 қыркүйегінде Еуропа чемпионатын қабылдайтын елді атайды.

Тағы бір айта кетерлігі, 2022 жылдан бастап Еуропа біріншілігіне 16 құрама қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер