русский язык
Бокс

Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін «Qazsport» тікелей эфирде көрсетеді

Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін «Qazsport» тікелей эфирде көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) кезекті жекпе-жегін 27 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында мексикалық Абрахам Хуареске (13-1, 4 КО) қарсы өткізеді.

Аталған кездесуде WBC тұжырымдамасы бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионы атағы сарапқа салынбақ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Тартысқа толы бокс кешін 27 қаңтар күні таңғы 07:55-тен бастап «Qazsport» арнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста жастар арасындағы WBC чемпионадық атағына таласатын алғашқы қазақстандық боксшы болмақ.

Түпнұсқасы: qazsporttv.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;