русский язык

Сочи - 2014. 11-ші ақпан күніндегі жерлестеріміздің нәтижелері

Сочи - 2014. 11-ші ақпан күніндегі жерлестеріміздің нәтижелері
Сочи Олимпиадасында 11-ші ақпан күні біздің спортшылар жарыстың бес түрінен - әйелдер мен ерлер арасындағы спринтік сайыс, конькимен жүгіру, биатлон және шаңғы спортынан сайысқа түсті.  
 
Басты үмітіміз шаңғышы Николай Чеботько іріктеу кезеңнен сәтті өтіп, ширек финалда өкінішке қарай бесінші болып келді. Бұл бәсекедегі тағы екі қазақстандық - Денис Волотка мен Роман Рагозин іріктеу кезеңнен аттай алмады. 
 
Сондай-ақ, әйелдер арасындағы спринттік сайыста қос қазақстандық спортшы Елена Коломина мен Татьяна Осипова негізгі кезеңге өте алмады.
 
Конькимен жүгіруден 500 метрлік сайыста Екатерина Айдова 22-ші орынды қанағат тұтты. Жарыстың жеңімпазы оңтүстік кореялық Ли Сан Хвадан 3,15 секунд ұтылып қалды.
 
Биатлоннан екі отандасымыз Елена Хрусталева мен Дарья Усанова сайысқа түсті. Дегенмен, екеуіде жоғары нәтижеге жеткен жоқ - Хрусталева 37-ші, Усанова 41-ші. 
 
Шаңғы жарысындағы жалғыз өкіліміз Елизавета Аксенова сайысқа түскен 31 спортшының арасынан 28-ші орынды қанағат тұтты. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;