Қысқы

Бельченко әлем кубогы кезеңінде 44-ші болып келді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық биатлоншы Елизавета Бельченко Италияның Антерсельве қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде 44-ші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елизавета кезең жеңімпазынан +1:46.4 уақыт қалып кетті.

Өзге қазақстандық спортшылардан Анастасия Кондратьева мен Людмила Ахатова жеке-жеке 76-шы және 80-ші болып мәре сызығын кесті.

Биатлон. ӘКК. Антерсельве. Спринт. әйелдер.

1. Маркета Давидова (Чехия) – 21:40.7 (0+0)

2. Кайса Мякяряйнен (Финляндия) - +1.7 (0+1)

3. Марте Олсбю Ройзеланд (Норвегия) - +3.5 (1+0)

… 44. Елизавета Бельченко (Қазақстан) - +1:46.4 (0+0)

… 76. Анастасия Кондратьева - +2:47.9 (0+0)

… 80. Людмила Ахатова - +2:59.7 (1+0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер