русский язык

Сочи - 2014. 10-шы ақпан күніндегі жерлестеріміздің нәтижелері

Сочи - 2014. 10-шы ақпан күніндегі жерлестеріміздің нәтижелері
Сочи Олимпиадасында 10-шы ақпан күні қазақстандық спортшылар - биатлон, конькимен жүгіру, шаңғы бәсекесі және фристайлдан сайысқа түсті. 
 
Ең жоғары көрсеткішке Дмитрий Рейхерд жетті. Ол, могулден бесінші орынды қанағат тұтты. Аталған бәсекеде тағы екі қазақстандық - Павел Колмаков оныншы орын алса, Дмитрий Бармашов іріктеу кезеңнен өте алмады. 
 
Конькимен жүгіруден Роман Креч 500 мертлік сайыста жетінші болып мәре сызығынан өтті. Бұл да жетістік жас спортшы үшін. 
 
Ерлер арасындағы 1500 шақырымға және шорт-трек сайысында Айдар Бекжанов пен Денис Никиша өнер көрсетті. Екеуіде іріктеу кезеңінде сүрінді. Әйелдер арасындағы бес жүз метрлік сайыста Инна Симонова финалдық кезеңге іліне алмады. 
 
Биатлоннан екі отандасымыз Ян Савицкий мен Сергей Наумик сайысқа түсті. Ян жарысты 29-шы орынмен аяқтаса, Сергей 58-ші болып келді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;