ММА

Хабиб Конорға өзінің шартын айтты

Хабиб Конорға өзінің шартын айтты
news-banner7
mobile-news-top

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегормен болатын қарымта жекпе-жектің шартын қойды, - деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реваншқа лайық әрекет жасаса ғана менімен қайта жекпе-жек өткізе алады. Ол үшін Конор екі-үш жекпе-жектің жеңімпазы атануы керек. Менімен өткен шайқаста түк те істемеді. Реванш сұрауға қақысы да жоқ оның.

Маған келместен бұрын бірнеше айқас өткізіп, жеңіп алсыншы. Сосын ойлана жатырмыз. Әзірше, басқа да титулды жекпе-жек өткізуге лайық жігіттер бар. Мысалға, Тони Фергюсон, Дастин Порье», — дейді Хабиб.

Түпнұсқасы: MMA Fighting Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер