Владимир Газзаев: Шабуылға баса назар аударамыз

Владимир Газзаев: Шабуылға баса назар аударамыз
news-banner7
mobile-news-top

"Тобыл" ФК бас бапкері алғашқы оқу-жаттығу жиындарын қорытындылап, пікір білдірді.

- Бүгінгі ойынды, әсіресе сапасы мен мазмұнына қарсақ, жаман өткізген жоқпыз. Бапкерлік штаб жігіттердің ойынына риза. Кездесу біздің команданың басымдығымен өтті. Әттеген-айы, шабуылды түйіндер тұста дәлдік жетіспей жатты. Нақтысын айтқанда, түйін пас болмады. Жекелеген ойын тұрғысынан да кемшін тұстарымыз бар. Осы жағына баса назар аударамыз. Дәл осы жаттығуды кұшейтеміз.

Бүгінгі ойыннан соң бірінші оқу-жаттығу жиын аяқталды. Жалпы, өзіміз жоспарлаған көрсеткішке қол жеткіздік. Әрбір жаттығуда, ойында бапкерлердің қойған тапсырмаларын бұлжытпай орындаған футболшыларға алғыс айтамын.
Жаттығу жиындарының бұл кезеңі "оң жамбасқа" келе қойған жоқ. Жігіттер физикалық тұрғыда біраз күш жұмсады. Бір жағынан тактикалық ойын үлгісін жасауға мүмкіндік алдық.

Осы жиында, бір өкініштісі, негізгі ойыншылардың біразы жарақаттарына байланысты толығымен қатыса алған жоқ.

Қазіргі уақытта команда 3 күн демалады. 24 қаңтарда оқу-жаттығу жиындарын қайта жалғастырамыз.

Екінші жиында 3 бақылау матчы өтеді, - дейді бас бапкер клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер