«Оқжетпеске» Панама құрамасының ойыншысы ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Көкшетаулық «Оқжетпес» Панама құрамасының футболшысы Родерик Алонсо Молинамен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Еңбек келісімі бір жылға жасалған.

Молинаның соңғы клубы португалиялық «Фейренсе» болды. Оған дейін панамалық «Сан-Франциско», мексикалық «Мерида», колумбиялық «Атлетико Насьональ» клубтарында өнер көрсетті.

Қорғаушы Панама құрамасында 27 кездесуге қатысқан. 2016 жылы өз құрамасымен бірге АҚШ-та Америка кубогында бақ сынады.

Родерик Миллер Молина

Туған күні: 03.04.1992 ж. Панама, Панама

Бойы: 1,89 м

Салмағы: 83 кг

Азаматтығы: Панама

Амплуасы: Қорғаушы

Ойыншының клубтық мансабы:
2014 — 2016 ж. — «Сан-Франциско» (Панама)
2015 ж. – «Венадос» (Мексика)
2016 — 2017 г. «Атлетико Насьональ» (Колумбия)
2018 ж. – «Фейренси» (Португалия).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер