русский язык
Футбол

Брессанның агенті, Валерий Исаев: «Келісімшарттың бұзылуы ойыншының шеберлігіне байланысты емес»

Брессанның агенті, Валерий Исаев: «Келісімшарттың бұзылуы ойыншының шеберлігіне байланысты емес»
Ренан Брессанның агенті Валерий Исаев футболшының неліктен «Ақтөбемен» келісімшартты бұзғандығы туралы «Прессбол» басылымына айтып берді. 
 
«Ақтөбе» сайтына кіріп таң қалдым. Біріншіден, келісімшартты бұзу ұсынысы клуб басшылығынан емес, Ренан екеуімізден болды. 
 
Өткен сәрсенбі күні команданың бас бапкері және спорттық директорымен сөйлестік. Әңгіме барысында ойыншыға қысқа мерзімді келісімшарт ұсынылатыны анықталды. Бізге бұл жайт ұнамады. Бапкердің ойыншыға деген қызығушылығын байқамадым. Бұған қоса, клубтағы маңызды шешуші сұрақтарға кім жауап беретінін ұқпадым. Сондықтан, кездесу барысында келісімнен бас тартатынымызды аңғарттық. Ертеңгі күнінде келісімшарт бұзылды. 
 
Бірақ менің тікелей клуб басшылығына сұрағым бар. Неліктен ресми сайтта мәліметтерді басшылық емес, селекционерлер таратады? Алаңда өнер көрсететін ойыншыларды бапкер таңдайтыны рас. Негізгі құрамға ілінуге лайық екенін әр футболшы дәлелдеу керек. Бірақ, Брессанға мұндай мүмкіндік берілмеді. «Бәсекелестікке дайын болмай шықты» дегенін әңгімесі миға сыймайды. «Ақтөбе» сапында екі-ақ апта болған ойыншы туралы пікірлері өте қызық. Айтайын дегенім, келісімшарттың бұзылуы ойыншының шеберлігіне байланысты болып тұрған жоқ», - деді Исаев «Прессбол» басылымына.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;