«Астана-Ж» маусымға дайындықтарын жалғастыруда

«Астана-Ж» маусымға дайындықтарын жалғастыруда
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылғы маусымда Екінші Лигада топ жарған «Астана-Ж» командасы «Астана Арена» спорт кешені алаңында жаңа маусымға дайындықтарын жалғастыруда.

19 қаңтар күні бапкерлер құрамы ойын күнін ұйымдастырып, әртүрлі құраммен 30 минуттан төрт тайм футбол ойнады. Осы орайда команданың бас бапкері Василий Маруняк ойыншылардың деңгейіне баға беріп, бақылауда жүрген ойыншыларды істе сынап көрді.

2 сағатқа жалғасқан ойында 7 гол соғылды. Станислас Басманов дубль авторы атанса, Артем Цой, Руслан Махан, Ілияс Әбенов және Юрий Аханов еншілеріне бір голдан жазды.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер