«Ақтөбе» – «Септември» матчының нешеде басталатыны белгілі

«Ақтөбе» – «Септември» матчының нешеде басталатыны белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін қазақстандық «Ақтөбе» мен болгариялық «Септември» арасында жолдастық матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақ-қызылдардың» әлеуметтік желідегі ресми парақшасы Түркиядағы матчтың ақтөбелік уақытпен 19:00-де (Астана уақытымен 20:00) басталатынын мәлім етті.

Айта кетейік, бұл «Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиынындағы екінші жолдастық матчы болмақ. Бұған дейін команда румыниялық «Сепсиден» жеңілген еді – 1:3.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер