Бокс

Артур Акавов: Головкин Андрадені «жеп» тастайды

news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік боксшы Артур Акавов титулды жекпе-жекте Деметриус Андрадеден жеңіліп қалған соң, америкалық боксшының Головкинді кездесуге шақырғаны жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен бұл жекпе-жекке 20 күн дайындалсам да, ол мені жоқ қыла алмады. Сондықтан, Гена сынды «акулаға» шабуылдаудың керегі де жоқ. Альварес Головкинге айла, жақсы тактика мен жан-жақты бокс ұсына алды. Ал Андраде не бере алады? Бұл тек эмоциямен айтқан сөзі ғана шығар. Головкин мен секілді аз уақыт дайындалып, рингке шыға салмайды. Ол толыққанды лагерь өткізеді. Гена оны «жеп» тастайды», - деді Акавов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер