Голубев, Недовесов, Евсеев АТР рейтингісінде көтерілді
![Голубев, Недовесов, Евсеев АТР рейтингісінде көтерілді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1392017763_187008262.jpg?v=28702230)
Кәсіпқой теннис Ассоциациясы (ATP) әлем рейтингісін жаңартты.
Андрей Голубев төрт сатыға жоғарлап 83-ші орында жайғасты. Александр Недовесов екі сатыға көтерілді, ол - 93-ші. Денис Евсеев 651-ші, ал еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин өз орнын сақтап қалды, ол әлем рейтінгісінде 59-шы.
Испандық теннисші Рафаэль Надаль тізімде көш бастап тұр. Сербиялық Новак Джокович екінші, Австралия ашық чемпионатында топ жарған Станислас Вавринка үздік үштікті түйіндеді.