русский язык

Сочи – 2014. Жерлестеріміздің 9-шы ақпан күніндегі нәтижелері

 Сочи – 2014. Жерлестеріміздің 9-шы ақпан күніндегі нәтижелері

Байрақты бәсекенің екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар сайыстардың үш түрі бойынша сынға түсті. 

Қазақстандық жанкүйерлердің басты үміті, шаңғышы Алексей Полтаранин сиатлон сайысында мәреге он алтыншы болып жетті. Ал, жеңісті швейцариялық Дарио Колонье тойлады. Өзге шаңғышыларымыздан Евгений Величко – 32-ші, Сергей Черепанов – 49-шы және Марк Старостин – 56-шы орын алды. 

Әйелдер арасындағы спринтік биатлонда Қазақстанның үш өкілі сайысқа түсті – Елена Хрусталева, Дарья Усанова және Галина Вишневская. Хрусталева 57-ші болып жарысты аяқтаса, Усанова 58-ші, ал Вишневская – 64-ші. 

Тау шаңғысында - Илья Закурдаев, Мартин Хубер мен Дмитрий Кошкин өнер көрсетті. Үшеуіде мәре сызығынан аттай алмады. Закурдаев 33-ші, Хубер – 42-ші, Кошкин – 43-ші.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;