Юлия Галышева әлем Кубогы іріктеу кезеңінде бірінші боп келді
![Юлия Галышева әлем Кубогы іріктеу кезеңінде бірінші боп келді](https://prosports.kz/upload/news/content/201017_cd2e1de8f708060eee3568a7438d27a8.jpg?v=28641613)
Фристайл-могулдан Лейк-Плэсидте өтіп жатқан әлем Кубогының іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы Юлия Галышева көш бастап келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Галышева 75.24 ұпаймен бірінші орынға жайғасты.
Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лафон екінші (75.22), аустралиялық Джакара Энтони (74.21) үшінші орында.
Финал 18 қаңтар күні өтеді.