Бокс

Головкиннің ерекше соққылары туралы видео пайда болды

news-banner7
mobile-news-top

Желіде орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Генадий Головкинге арналған кезекті видео пайда болды. Онда қазақстандық спортшының бокстасу тәсілі, ерекше соққылары туралы баяндайды.

Видео Lion Lion Lioni Youtube арнасында жарияланды.

"Генадий Головкин - әлемдегі ең мықты және шабуылдаушы боксшылардың бірі. Оның жұдырықтасу стилі өте ерекше. Головкиннің шабуылдарын, қарсыластарын нокаундқа жібергенін бірге көрейік", - деп жазылған видео астында.

Еске сала кетсек, Генадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі өткен жылы қырқүйекте болды. Ол қарымта кездесуде мексикалық қарсыласы Саул Альварестен төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.

Түпнұсқасы: nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер