Бокс

Жанқош Тұраров боксты тастап, ережесіз жекпе-жекке ауыса ма?

news-banner7
mobile-news-top

Танымал боксшы Жанқош Тұраров Instagram желісіне жүктеген жазбасымен өз жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Желі оқырмандары спортшының боксты тастап, ММА-ға ауысқалы жатқанын болжады.

Көптен бері кәсіби рингке шықпай кеткен боксшы ережесіз жекпе-жектің белбеулерімен түскен суретін жариялады. Жанқош Тұраровтың бұл әрекетін желідегілер қызу талқыға салып, спортшы бокстан кететінін меңзеп тұр деп болжады.

Сондай-ақ, боксшы өзінің Stories-інде "Қай спорт түрін жақсы көресіз?" деген сауалнама жүргізген.

Сұрақтың астына бокс немесе ММА спортын таңдау мүмкіндігін қалдырған спортшы жанкүйерлерін одан әрі қызықтырып қойған.

NUR.KZ пікірталас тудырған жағдайдың анық-қанығын боксшының өзінен сұрап білді.

"Жоқ. ММА-ға ауысу мүлде ойымда жоқ. Бір жағдайларға байланысты бір жарым жылдай уақытқа бокс тоқтап қалды. Алайда, жақын арада Алла қаласа мансабымды қолға алмақпын. АҚШ-қа жол жүріп, келіссөздер бастаймыз. Сол кезде кіммен, қашан және қайда жұдырықтасатыным белгілі болады" , - дейді Жанқош Тұраров.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров өзінің кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың қыркүйек айында өткізген болатын.

Осы орайда, ел арасында бір жарым жылға жуық уақыт жұдырықтаспаған боксшы мансабын аяқтамақ деген қауесеттер де тараған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер