русский язык
Футбол

Жолшиев «Шахтерге» жеңіс сыйлады

Жолшиев «Шахтерге» жеңіс сыйлады

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында венгриялық «Дебреценмен» кездесу өткізді.

Матч 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды «кеншілер» сапында байқауда жүрген Бауыржан Жолшиев қырық екінші минутта соқты. Дегенмен, екінші таймда Бауыржан қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ойын соңына дейін есеп өзгермеді. Қорытынды есеп – 1:0.

«Шахтёр» (Қазақстан) — «Дебрецен» (Венгрия) 1:0 (1:0)

Гол: Жолшиев 42 (1:0)

Ескерту алғандар: Жолшиев 43, Радоевич 64, Ермеков 67

Алаңнан қуылды: Жолшиев 74 

«Шахтёр»: Мокин (Покатилов 46), Василевич (Фернандес 46), Малый (Джидич 46), Порываев (Ермеков 46), Симчевич (Габышев 46), Кото (Аманов 46, Ли 57, Борантаев 65), Байжанов (Радоевич 46), Вичюс (Тарасов 46), Финонченко (к) (Марио 46), Мұртазаев (Жолшиев 28, Финонченко 75), Топчагич (Жанғылышбай 46)

8-ші ақпан 2014. Белек (Түркия). «Arcadia».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;