русский язык

Сочи-2014. Могул. Юлия Галышева – 7-ші орын алды

Сочи-2014. Могул. Юлия Галышева – 7-ші орын алды

Сочи Олимпиадасында могулден жүлдеге таласқа түскен Юлия Галышева финалдық кезеңге өте алмады.

Қазақстандық фристайлшы бірінші финалда 21,26 ұпай жинап, келесі кезеңге өткен еді. Екінші финалда төрешілер оның өнерін 21,12 ұпайға бағалады. Галышеваның үздік алтылыққа еніп, ақтық сынға өтуіне небәрі 0,03 ұпай ғана жетпей қалды.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық спортшы Дарья Рыбалова жалпы есепте 28-ші орында.

Бұл бәсекеде канадалық спортшылардың бағы жанды. Апалы-сіңілі Жюстин Дуфюр-Лапуант пен Хлоя Дуфюр-Лапуант «алтын» мен «күмісті» бөлісті. Ал қола жүлде АҚШ өкілі Ханна Кирниге бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;