Кезекті «Эль-Классиконың» уақыты белгілі болды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЛа Лига 2018/19 жылғы маусымда Испания чемпионатының 26-туры аясында өтетін екінші Класиконың уақытын жариялады.
Кездесу 2 наурызда Астана уақытымен 01:45-те «Сантьяго Бернабеу» алаңында өтеді.
Маусымның алғашқы кездесуінде «Реал» каталондық клубтан 1:5 есебімен ойсырай жеңілген болатын.
Сол ойыннан кейін «корольдік» клубтың бас бапкері Хулен Лопетеги қызметінен кетті.
«Барселона» дәл қазір примераның көш басында болса, мадридтік «Реалы» төртінші орынға жайғасқан.