русский язык

Сочи - 2014. Бабенко - 15-ші

Сочи - 2014. Бабенко - 15-ші

Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында коньки тебуден ерлер арасындағы бес мың метр қашықтықта сайыс аяқталды. 

Голландиялық Свен Крамер жаңа олимпиада рекордын орнатып, алтын медальға ие болды. Тағы екі голландиялық Ян Блокейсен мен Йоррит Бергсма екінші және үшінші орынды қанағат тұтты. Бұл жарыстағы Қазақстанның жалғыз өкілі Дмитрий Бабенко жеңімпазға он жеті секунд ұтылып, он бесінші орында жайғасты. 

Олимпиада-2014. Сочи (Ресей).

Коньки тебу сайысы. 5000 м. Ерлер

1. Свен Крамер (Голландия) – 6:10.76 OR
2. Ян Блокейсен (Голландия) – 6:15.71
3. Йоррит Бергсма (Голландия) – 6:16.66
4. Барт Свингс (Бельгия) – 6:17.79
5. Сверре Лунде Педерсен (Норвегия) – 6:18.84
6. Денис Юсков (Ресей) – 6:19.51
15. Дмитрий Бабенко (Қазақстан) – 6:28.26

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;