Қысқы

Биатлоннан Қазақстан кубогының алғашқы жеңімпаздары кімдер

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда биатлоннан ересектер арасындағы Қазақстан кубогы мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты жалғасуда.

Алғашқы жарыс күнінің нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз.

Ерлер арасында ШҚО өкілі Владислав Миропольский жеңімпаз атанды. Оның уақыт көрсеткіші – 32 минут 26 секунд. Күміс жүлде Алматы облысының намысын қорғаған Максим Монаховтың еншісінде. Үшінші орынды семейлік Евгений Төлегенов иеленді.

Жасөспірімдер арасында Бекетай Тұрлыбеков (Ақмола облысы) көш бастады. Тұрлыбеков мәреге 31 минут 34 секундта келді. Екінші орында Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Дастан Делдеш. Үздік үштікті Эдуард Афонин (ШҚО) тұйықтады.

Жасөспірім қыздар арасында Изабелла Парманова (Ақмола облысы) үздік деп танылды. Оның уақыт көрсеткіші – 26 минут 33 секунд. Екінші орында Ақмола облысының тағы бір өкілі Инга Мартенс. Үшінші сатыда ШҚО тумасы Ангелина Борисова.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер