«Қызыл-Жар» командасының тізгінін Али Алиев ұстады

news-banner7
mobile-news-top

Петропавлдық «Қызыл-Жар» командасының тізгінін Али Алиев ұстады, деп хабарлайды.

Қазақ футболының ардагерлерінің бірі Алиев былтырғы маусымды дәл осы «Қызыл-Жар» сапында өткізді.

Бәріміз білетіндей «Қызыл-Жар» командасы биыл Премьер лигадан шығып қалған болатын. Енді олар Бірінші лигада бақ сынайды. Клуб басшылығы Али Алиевтің алдына команданы қайтадан Жоғарғы лигаға алып шығу тапсырмасын қоймақшы.

15-ші қаңтардан бастап «Қызыл-Жар СК» бірінші жиынына кірісті. Бас жаттықтырушы Али Ханалиевич Алиевтің және оның көмекшілері Юрий Николаевич Чухлеб пен Степан Мартунович Демирчянның басшылығымен команда Петропавл қаласында екі апталық жиын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер