Қысқы

Қазақстан жастар құрамасы шаңғымен жарысудан әлем чемпионатына аттанады

news-banner7
mobile-news-top

Финляндияның Лахти қаласында шаңғы жарысынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. 21-28 қаңтар аралығындағы додаға қатысатын Қазақстан командасының құрамы белгілі болды.

Ерлер арасында Олжас Климин, Әсет Дүйсенов, Влад Ковалев ел намысын қорғайды.

Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Валерия Тюленова, Ксеня Шалыгина, Ангелина Шурыга, Эльмира Мутагаровалар бақ сынайды.

Финляндиядағы әлем чемпионатына Қазақстан спортшыларын ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Каминский бастап барады.

Қазақстандық команда классикалық стильдегі спринт, еркін стиль, масс-старт және эстафетада өнер көрсетеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер