Бокс

Қазақстандық боксшы қыз Мэнни Пакьяомен кездесті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдиева филипиндік боксшы Мэнни Пакьяомен кездесті. Бұл туралы Аида өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

- Бүгін Мэнни Пакьяода қонақта болдым. Оған Қазақстанның туы бейнеленген кәдесыйлық қолғабқа қолтаңбамды қалдырып, сыйға тарттым. Сосын атақты "Қазақстан" шоколадын ұсындым, - дейді қазақстандық боксшы.

Сондай-ақ спортшы қыз бүгінгі жаттығудың айрықша болғанын, тіпті оны сөзбен жеткізе алмайтынын айтты.

Аида Пакьомен кездесу ерекше қуаныш сыйлағанын да жасырмады.

Ол бір жыл бұрын өмірінің дәл осылай күрт өзгеретінін өзі, өзгелер де ойламағанын, алайда іштей биік белестерді бағындыратынын сезгенін жазды.

- Енді мен чемпионмын! Менде жаңа жоспарлар мен мақсаттар пайда болды. Талмай еңбектенудің арқасында армандарыма жетемін. Мені Жаратқаннан басқа ешкім тоқтата қоймас. Әрқашан Құдайға сыйынып, алғысымды айтып жүремін. Бәріңізге толағай табыстар тілеп, сүйікті істеріңізден ләззат алыңыздар дегім келеді, - деп сөзін қорытындылады боксшы қыз.

Түпнұсқасы: nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер