Бокс

«Канелоның» промоутері Головкинге қарсы жекпе-жек туралы жағымсыз жаңалық айтты

«Канелоның» промоутері Головкинге қарсы жекпе-жек туралы жағымсыз жаңалық айтты
news-banner7
mobile-news-top

Golden Boy промоутердік компаниясының президенті Эрик Гомес орташа салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Сауль «Канело» Альвареске қарсы үшінші рет жекпе-жекке шыққысы келетініне күмән келтірді.

Бұдан бұрын GBP басшысы Оскар де ла Хойя Гомеске Головкиннің өкілдерімен үшінші кездесуге қатысты келіссөздерді бастауды тапсырған болатын. Компания президентінің сөзіне қарағанда келіссөздердің бірінші кезеңі сәтті болмаған сыңайлы.

- Головкин «Канеломен» қайта жұдырықтасқысы келмейтін сияқты. Бұрынғыдай жеңіл кездесулерді қалайды. Уақыт көрсетеді, достар, — деп жазыпты Эрик твиттерде.

Өткен демалыста Де ла Хойя үшінші кездесудің күні мен болатын жерін атады – 4 мамыр күні Лас-Вегаста.

Естеріңізге сала кетсек, алдыңғы екі жекпе-жек те осы қалада өткен болатын. «Канело» — GGG алғашқы кездесуі тең аяқталып, дау тудырса, екінші жолы төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіп кетті.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер