Бактиер Зайнутдинов «Ростовтың» сапында алаңға шықты

Бактиер Зайнутдинов «Ростовтың» сапында алаңға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Жақында ғана ресейлік «Ростовқа» ауысқан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов жаңа командасының сапындағы алғашқы матчын өткізді, деп жазады Prosports.kz сайты.

20 жастағы футболшы ресейлік клубтың сапында алғашқы кездесуін «Атырауға» қарсы өткізді. Бактиер алаңға екінші таймда қосылды. Ал жолдастық матч 1:0 есебімен «Ростовтың» пайдасына шешілді

Жолдастық матч

«Атырау» (Атырау, Қазақстан) - «Ростов» (Ростов-на-Дону, Ресей) - 0:1

Гол: Алексей Ионов

Айта кетейік, «Ростов» РФО санкциясына байланысты жаңа футболшыларды маусымға тіркей алмайды. Себебі, команда өзінің бұрынғы ойыншысы Евгений Макеевке қарыз болғандықтан, Ресей футбол одағы клубқа жаңа футболшыларды тіркеуге тыйым салған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер