Әлем футболы

Вальверде: Неймар маған хабарласқан жоқ

news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» бас бапкері Эрнесто Вальверде клубқа «ПСЖ» форварды Неймардың ауысатыны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

- Неймар ма? Ол ғажайып ойыншы, әлем чемпионатын керемет өткізді, алайда қазір ол басқа командада ойнайды. Басқа айтарым жоқ. Баспасөз беттерінде оның менімен телефон арқылы сөйлескені жазылыпты, бірақ бұл олай емес. Ол «ПСЖ-да» ойнайды, біз оны құрметтейміз, - деді Вальверде.

Айта кетейік, Неймар 2013-2017 жылдар арасында «Барселонада» ойнаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер