Әлем футболы

Сульшер «Манчестер Юнайтедтің» жаңа рекордын орнатты

Сульшер «Манчестер Юнайтедтің» жаңа рекордын орнатты
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері қызметін атқарушы Уле-Гуннар Сульшер «қызыл сойқандар» тарихында алғашқы алты матчында жеңіске жеткен алғашқы бапкер атанды.

«Тоттенхэмге» (1:0) қарсы матчта Сульшер қатарынан алтыншы ойында жеңіске жетіп, жаңа рекорд орнатты.

Бұған дейін Сульшердің жаттықтыруымен «МЮ» «Кардифф», «Хаддерсфилд», «Борнмут», «Ньюкасл» және «Рединг» (Англия кубогында) командасын ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер