русский язык
Футбол

Мирошниченко: «Брессан бәсекелестікке дайын болмай шықты»

Мирошниченко: «Брессан бәсекелестікке дайын болмай шықты»
Кеше «Ақтөбе» ресми түрді Ренан Брессанмен келісімшартты бұзды. Футболшымен болған жайты ақтөбеліктердің ресми сайтына Андрей Мирошниченко айтып берді. 
 
«Иә, біз Брессанды мықты ойыншы ретінде шақырдық. Бізде оның позициясында жақсы ойыншылар бар болғанына қарамастан, онымен келісімшартқа отырдық. Бірақ, ол негізгі құрамнан орын таппай қалатынын сезді. Бір сөзбен бәсекелестікке дайын болмай шықты. Брессанның кетуімен ештеңе өзгерген жоқ. Оны алмастыра алатын төрт-бес ойыншы бар бізде. Енді, басқа мықты ойыншыларды іздейміз», - деді Мирошниченко «Ақтөбенің» сайтына.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;