Баскетбол

Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер арасындағы жаңа турнирдің тұсауы кесіледі.

news-banner7
mobile-news-top

20-24 қаңтар аралығында Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер арасындағы жаңа турнирдің тұсауы кесіледі. Қазақстан баскетбол федерациясының кубогі додасына алты команда қатыспақ деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарысқа қатысушы командалар өткен жылғы Қазақстан біріншілігінің қорытындысы бойынша екі топқа бөлінді.

«А» тобында «Астана Тайгерс», «Ертіс» (Павлодар) және «Ақтөбе» клубтары сынға түседі.

«В» тобында «Каспий» (Маңғыстау облысы), «Қазығұрт МарС» (Шымкент), сондай-ақ, Алматы облысының командасы бақ сынайды.

Турнир жеңімпаздары наурыз айының соңында өтетін Қазақстан кубогі бәсекесіне қатысу мүмкіндігін алмақшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер