Бокс

«Канелоның» басты қорқынышы анықталды

news-banner7
mobile-news-top

BoxingNews24.com порталының журналисі Дэн Эмброуз мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің неден қорқатынын айтты.

Оның айтуынша, "Канелоға" өз фанаттарына Головкинді Лас-Вегастан басқа жерде жеңе алатынын дәлелдеу қиынға соғады. Себебі оның келесі жекпе-жегі 4 мамырға Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында жоспарланған. Журналист "Канелоның" Головкинге қарсы екі даулы жекпе-жегі де осы аренада өткенін еске салды.

Канелоның соңғы жекпе-жегі Лас-Вегастан тыс, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Бірақ бұл жекпе-жекте ол Чарло, Джейкобс, Андраде немесе Каллум Смит секілді мықты боксшылармен емес, әлсіз чемпион Рокки Филдингпен жұдырықтасты. Егер "Канелоның" T-Mobile Arena-ға оралуының басты себебі – оның бұл аренадан басқа жерде жеңіліп қалудан қорқатыны болса, онда бұл қапаланатын жағдай, — деп жазды журналист.

Еске сала кетсек, Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөз басталғанын мәлімдеген еді.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер