Ұлттық спорт

Көкпардан әлем чемпионатының ережесін Астанада нақтылайды

Көкпардан әлем чемпионатының ережесін Астанада нақтылайды
news-banner7
mobile-news-top

Биылғы әлем чемпионатының ережелері алдағы уақытта Астанада өтетін конгресте бекітілетін болады. Бұл туралы Халықаралық көкпар федерациясына мүше мемлекеттердің өкілдері айтты.

Ташкент қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Ауғанстан, АҚШ, Өзбекстан және Ресей өкілдерінің қатысуымен конгресс өтті. Жиын барысында көкпарды дамыту мен географиялық ауқымын кеңейту мәселелері, халықаралық федерациялар миссиясы, сондай-ақ, көшпенділердің дүниежүзілік ойынының маңызы талқыланды.

Халықаралық көкпар федерациясының кезекті жиынында 2019 жылғы әлем чемпионатының қарашада Өзбекстан астанасында өтетіні белгілі болды. Жиын қатысушыларының ортақ шешімі бойынша, әлем чемпионаты ережелерінің қандай болатыны алдағы уақытта Астанада өтетін конгресте нақтыланбақ.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер