Сауль Альварестің басты қорқынышы қандай
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызBoxingNews24.com порталының журналисі Дэн Эмброуз мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің неден қорқатынын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.
Оның айтуынша, «Канелоға» өз фанаттарына Головкинді Лас-Вегастан басқа жерде жеңе алатынын дәлелдеу қиынға соғады. Себебі оның келесі жекпе-жегі 4 мамырға Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында жоспарланған. Журналист «Канелоның» Головкинге қарсы екі даулы жекпе-жегі де осы аренада өткенін еске салды.
«Канелоның"» соңғы жекпе-жегі Лас-Вегастан тыс, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Бірақ бұл жекпе-жекте ол Чарло, Джейкобс, Андраде немесе Каллум Смит секілді мықты боксшылармен емес, әлсіз чемпион Рокки Филдингпен жұдырықтасты. Егер «Канелоның» T-Mobile Arena-ға оралуының басты себебі – оның бұл аренадан басқа жерде жеңіліп қалудан қорқатыны болса, онда бұл қапаланатын жағдай», — деп жазды журналист.
Еске сала кетсек, Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөз басталғанын мәлімдеген еді.