«Қазцинк-Торпедо» буллит сериясында «Дизельден» ұтылды
![«Қазцинк-Торпедо» буллит сериясында «Дизельден» ұтылды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1391800238_629668365.jpg?v=28701998)
Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда Пензаның «Дизель» командасынан буллит сериясында жеңілді.
Ресейліктер бірінші кезеңде-ақ екі шайбамен алға шықты, дегенмен қонақтар тараз басын теңестіре алды. Екінші периодта пензалықтар тағы екі шайба соқты, әйтсе де өскемендіктер үшінші периодта тағы да есепті теңестірді – 4:4. Негізгі уақыт тең есебімен аяқталды. Матч соныңдағы буллит сериясында Артурс Озолиньша «Дизель» командасына жеңіс әперді.
«Дизель» (Пенза) – «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) (2:2, 2:0, 0:2, 0:0, )
1:0 – Тарасов (Зимин) – 10:41
2:0 – Кузьмин (А. Озолиньш) – 11:47
2:1 – Шестаков (Кошелев, Савицкий) – 12:03
2:2 – Меньшиков (Огородников, Савицкий) – 16:37
3:2 – Нефедов (Тарасов, Зимин) – 21:26
4:2 – Тарасов (Нефедов) – 35:11
4:3 – Савенков (Огородников) – 47:59
4:4 – Жмаев (Огородников, Беляев) – 59:52
5:4 – А. Озолиньш – 65:00, ЖБ
Қақпашылар: Семенов – Янков