Федерация кубогы. Қазақстан Таиландтан ұтылып қалды (1:2)
![Федерация кубогы. Қазақстан Таиландтан ұтылып қалды (1:2)](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1391799428_828143182.jpg?v=28702345)
Теннистен әйелдер ұлттық құрамасы ешкім күтпеген жерден Таиланд командасынан ұтылып қалды.
Жұбтар сайысында Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова жұбы қарсыластары Тамарин Танасугарн мен Луксика Кумхумнан айласын асыра алмады. Жалпы есеп – 6:4, 7:6 (7:3).
Осылайша біздің қыздар 2:1 есебімен ұтылып қалды. Енді Таиланд құрамасы ақтық кезеңге жолдама үшін Өзбекстанмен күш сынасады.