ITF. Қазақстан Индонезиядан басым түсті
![ITF. Қазақстан Индонезиядан басым түсті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1391764099_134255852.jpg?v=28702467)
Федерация кубогы аясында Қазақстан теннисшілері алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Индонезия спортшыларымен күш сынасқан жерлестеріміз кездесу аяқталмастан-ақ басымдылыққа ие болды.
Турнирге тұңғыш рет қатысқан Юлия Путинцева индонезиялық Геравита Медианадан басым түсті. Екі сетке созылған ойында Юлия 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Кордқа екінші болып шыққан Ярослава Шведова өз кезегінде Лавиния Танантаны тізе бүктірді. Есеп – 6:3, 6:1. Айқын басымдыққа ие болғандықтан жұппен өнер көрсетудің нәтижесі маңызды емес. Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
aynaline.kz