Велотректен Азия чемпионаты: Жасөспірімдер спринтте қола жүлдегер
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызИндонезия астанасы Джакартада велотректен Азия чемпионаты басталды. Жарыс жолына алдымен жасөспірімдер шықты.
Алғашқы сайыс күнінде Қазақстан жасөспірімдер командасы олимпиадалық спринтте үшінші орынға табан тіреді. Қазақстан атынан Темірхан Сиязбеков, Андрей Крейс және Александр Сафаров сынға түскен болатын.
Бұл қашықтықта Үндістан құрамасы чемпион атанса, Малайзия күміс жүлде иеленді.
Еске сала кетейік, бүгін із кесу жарысында қазақстандықтар алтын жүлдеге таласады. Біздің команданың қарсыласы - Жапония.