Баскетбол

«Астана» ойыншылары «Жұлдыздар матчының» кеңейтілген құрамына енді

news-banner7
mobile-news-top

17 ақпан күні Мәскеуде баскетболдан Біріккен ВТБ лигасында сынға түсетін спортшылар арасында «Жұлдыздар матчы» өтеді. Ұйымдастырушылар кеңейтілген тізімге «Астана» ойыншыларын да қосты.

Атап айтар болсақ, «Астана» сапындағы қорғаушы Энтони Клеммонс және шабуылшылар Джей Джей О’Брайен мен Александр Жигулин бар.

Жанкүйерлер әлеуметтік желі арқылы «Жұлдыздар матчына» қатысатын баскетболшыларға дауыс беруде.

Ойыншылар «Ресей жұлдыздары» және «Әлем жұлдыздары» болып екі топқа бөлінбек.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер