Командалық

Жасөспірімдер олжалы болды

news-banner7
mobile-news-top

Индонезия астанасы Джакартада велотректен Азия чемпионаты басталды. Жарыс жолына алдымен жасөспірімдер шықты деп хабарлайды Olympic.kz.

Алғашқы сайыс күнінде Қазақстан жасөспірімдер командасы олимпиадалық спринтте үшінші орынға табан тіреді. Қазақстан атынан Темірхан Сиязбеков, Андрей Крейс және Александр Сафаров сынға түскен болатын.

Бұл қашықтықта Үндістан құрамасы чемпион атанса, Малайзия күміс жүлде иеленді.

Еске сала кетейік, бүгін із кесу жарысында қазақстандықтар алтын жүлдеге таласады. Біздің команданың қарсыласы - Жапония.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер