Жеңіл атлетика

Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогы сарапқа салынады

news-banner7
mobile-news-top

12-13 қаңтар күндері Өскеменде жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Қазақстан кубогы додасы өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаңа жылдың алғашқы ресми жарысынла еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге тарта спортшы қатысады деп күтілуде.

Турнир Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде жалауын көтермек.

Қатысушылар 60, 200, 400, 800, 1500 және 3000 метрге жарысудан сынға түседі. Сондай-ақ, үш қарғып секіру, ядро лақтыру, ұзындыққа, биіктікке секіру, кедергілер арқылы секіру және эстафетадан бақ сынайды.

Жарыстың басталуы - 09:30.

Бас төреші - Иван Хижняков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер