Бокс

Фирузаның бір жекпе-жегі қанша тұрады

Фирузаның бір жекпе-жегі қанша тұрады
news-banner7
mobile-news-top

Екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Фируза Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский боксшының алдағы жоспарымен бөлісті.

«Ева Вальстреммен жекпе-жекті көктемге ауыстыру туралы келісім бар, шамамен наурызда болатын шығар. Датасын ақылдастық, аренаға тапсырыс та беріп қойдық. Меніңше, келесі аптада нақтыланады. Вальстремның алдында Алматыда аралық жекпе-жек өткізу ойда бар. Оны қаңтарда ұйымдастырғымыз келеді, бұл Фируза үшін үшінші салмақ болады. Алайда, қаржылай көмек керек. Фируза Қазақстанның туын ең жоғары деңгейде көтеріп жүр, оның бір жекпе-жегі жарты миллион доллар тұрады. Жалпы, 2019 жылы төрт жекпе-жек өткізу жоспарлануда», - деді Сергей Завилейский Alash Pride TV-ға берген сұхбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер