Қысқы

Алексей Полторанин: Біздің маусым әлі аяқталған жоқ

news-banner7
mobile-news-top

Шаңғы тебуден Қазақстар құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин «Тур де Ски» көпкүндігінде біздің ел атынан бір өзі сынға түсті. Алайда, төрт кезеңнен соң ол жарысқа шығудан бас тартқан болатын. Шаңғышы мұндай шешімді не үшін қабылдағанын түсіндіріп берді.

- Біз әу-бастан төрт кезеңде ғана бақ сынаймыз деп шешкенбіз. «Тур де Ски» додасын біз дайындықтың бір бөлігі ретінде қарастындық. Біздің маусым әлі аяқталған жоқ. Алда өте маңызды жарыстар күтіп тұр. Сондықтан, маусымды қорытындылап, қандай да бір баға беруге әлі ерте, - дейді Полторанин.

Айта кетелік, Алексей Полтораниннің «Тур де Ски» көпкүндігіндегі ең жоғарғы көрсеткіші – 17-ші орын. Ол 15 шақырымға масс-старт әдісімен жарысудан осындай нәтиже көрсетті.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер